Bugin
Запорожье облысының Орлянск ауылындағы мектепте балалар екінші қабатта оқиды, бірінші қабатта ресейлік әскерлер тұрады, ал олардың әскери техникасы аулада тұр. Бұл туралы Украина Қарулы Күштері Бас штабының қысқаша мәліметіне сілтеп bugin.kz порталы хабарлайды.
«Запорожье облысының Орлянск ауылындағы мектеп ғимаратының бірінші қабатында 70-ке жуық ресейлік әскери қызметшілер тұрады, ал екінші қабатта балалар, оның ішінде бірінші сынып оқушылары оқиды, ал әскери техника мектеп ауласында орналасқан. Оқу процесі 1 қыркүйекте басталды, облыстағы мектептер мен балабақшалардың көпшілігінде де осындай жағдай байқалды», - деді Бас штаб.