Қоғам

Тоқаев төтенше жағдай орнаған Қостанайға барды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенді. Өңірдегі өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді. Президент Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орай келуі тиіс болған. Өрт салдарынан мерейтой шегеріліп, Президент сапары төтенше жағдайға байланысты жоспарланды.