Bugin
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІХ аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық үстінде. Сауда министрлігінің мәліметі бойынша, шараға мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Өткен аптаның соңында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы талқыланды», – деп хабарлады министрлік.
Дайындық барысы туралы Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Цифрландыру, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика министрліктерінің және Сыртқы сауда палатасының өкілдері баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин барлық қажетті дайындықтарды уақытылы қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді.