Bugin
Ресейде орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 72 жасты құрайды. Ал, Дағыстан, Кабардин-Балқар, Ингушетия, Шешенстанда адамдар орта есеппен 80 жыл өмір сүреді. Кавказда жүз жыл өмір сүретін тұрғындардың арнайы аймақтары бар. Олар Абхазия, Эльбрус облысы, Оңтүстік Әзірбайжан. Осы орайда, кавказдықтардың ұзақ өмір сүруінің құпиясы неде деген сауал туындайды. Ендеше, осы сауалға бірге жауап іздеп көрсек.
Дұрыс тамақтану және таза су тұтыну
Иә, таулы аймақты мекен ететін халық көбіне пайдалы тағамдарды жейді. Майонез қосылған маринадсыз кебабтар, майсыз жұмсақ ірімшіктер, жаңа піскен көкөністер мен шөптер. Таулы аймақта тұратын халық тек таза су ішеді, көбінесе емдік минералды қоспаларды тұтынады. Ал, бұл өмір сүру ұзақтығына қатты әсер етеді.
Ауа
Тауларда зауыттар жоқ, көліктер әлдеқайда аз және сәйкесінше ауа әлдеқайда таза.
Жаман әдеттердің болмауы мен физикалық еңбек
Кавказдықтардың көпшілігі, әсіресе ислам дініндегілер жаман әдеттерден аулақ. Ал кавказдық христиандар алкогольді қалыпты мөлшерде ішеді. Ауылдағы өмір тұрақты және ауыр физикалық еңбекпен айналысады.
Ерекше өмір салты
Кавказдықтар салт-дәстүрін қатаң ұстанған. Сондай-ақ, қарттарын аса қатты құрметтейді. Ал, кавказдық қариялар күйзелістен аулақ, әлемге философиялық көзқараспен қарайды.
Жалпы, таулы аймақтар - тоқтаусыз ырғағы бар үлкен мегаполис емес. Өкінішке орай, осы құпиялардың барлығы қала тұрғындары үшін қол жетімді емес.