Bugin

Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қыркүйек айында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 14 қыркүйекте жоспарланған. Сапар аясында екі мемлекет басшылары арасында екіжақты келіссөздер жоспарлануда, сондай-ақ ынтымақтастықтың түрлі салаларында екіжақты құжаттарға қол қойылады», - деді Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Ол бұл сапар Си Цзиньпиннің пандемия басталғаннан бергі алғашқы шетелдік сапары болатындығын атап өтті.