Bugin

Террорист Ресей елшілігінің алдында жарылыс жасады (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кабулдағы Ресей елшілігінің жанында террорист жарылыс жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Deutsche Welle арнасына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Кабулдағы Ресей елшілігінің алдында жарылғыш зат қойған шабуылдаушы қақпаға жетпей атып өлтірілген.

Ресей Сыртқы істер министрлігі Twitter парақшасында шабуылдан елшіліктің екі қызметкерінің қаза тапқанын және Ауғанстан азаматының жараланғанын хабарлады. Ауғанстан астанасындағы құқық қорғау органдары да елшіліктің кіреберісі маңында жанкешті жарылғыш затты іске қосқанын растады.

«Жарылыс Ресей елшілігінің консулдық бөлімшесінің кіреберісіне жақын жерде болды. Мақсатына жете алмаған жанкештіні Ресей елшілігінің күзетшілері танып, атып өлтірді. Ол адам туралы ақпарат әзірге белгісіз. Зардап шеккендер жоқ», - деді жергілікті полиция басшысы Мавлави Сабир.

Ресей елшілігі орналасқан Кабулдың батысындағы Даруламанның бұрын да бірнеше рет шабуыл алаңына айналғаны атап өтілді. Кабулдағы Ресей елшілігінде 2016 жылы  жарылыс орын алған.

Видеоны сілтемені басу арқылы көре аласыз