Bugin
Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылындағы мектептердің біріне мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді. Бұл туралы bugin.kz порталы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Facebook-тегі парақшасына сілтеп хабарлайды.
«Алматы облысындағы орта мектеп мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сарсенбайұлының есімімен аталды. Мектеп ұжымы сондай шешім қабылдаған, енді ресми рәсімделуі керек. Бұл дұрыс қадам. Дегенмен, Алтынбек Сәрсенбайұлының атымен одан да ірі нысандар, әуежай, даңғылдарды қою керек. Ол болашақтың ісі деп есептеймін. Бірақ, аталған шара орынды. Ұзағынан болсын!», - деп жазды ол.