Bugin

Германияда митингтен соң үкімет 65 миллиард еуро көмек пакетін жарялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Лейпцигте әртүрлі саяси партиялардан бірнеше мың адам федералды үкіметтің энергетикалық және әлеуметтік саясатына қарсы шерулер өткізді. Бұл туралы Bugin.kz поратлы  DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Солшылдар партиясының «Әлеуметтік суыққа қарсы ыстық күз» ұранымен өткен шеруіне бақылаушылардың айтуынша, жиынға 2 мыңнан 3 мыңға дейін адам қатысқан. Жақын жерде 1000-ға жуық оңшыл ұйымдарды жақтаушылар, соның ішінде Фри Саксен («Еркін Саксония») ұйымының мүшелері де наразылық білдірді. Басылым Германияда оның оңшыл экстремистік және антиконституциялық деп танылғанын атап көрсетеді.

Наразылық акциясына энергия мен азық-түлік бағасының күрт өсуі себеп болды. Демалыс күндері Германияның Социал-демократиялық партиясы (SPD), Альянс 90/Жасылдар және Еркін демократиялық партияның (FDP) басқарушы коалициясы халыққа жалпы сомасы 65 миллиард еуро болатын көмектің үшінші пакетін жариялады. Алайда наразылар бұл шараларды жеткіліксіз деп санайды.

Солшыл партияның тең төрағасы Мартин Ширдеван Лейпцигтегі демонстрацияның алдында бұл «елеулі пакет емес» деп, үкіметке қысым көрсетуді жалғастыруға шақырды.