Bugin

Дос КӨШІМ: Сайлаудан кейін ешқандай өзгеріс болмайтын сияқты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тоқаев жолдауында күзде кезектен тыс президент сайлау болатынын айтты. Осыған орай Bugin.kz порталы саясаттанушы Дос Көшімге хабарласып сайлау жайлы пікірін білді.

–Кезектен тыс  президент сайлауында Тоқаевқа қарсылас болар лайықты үміткерлер бола ма?

–Барлық үміткерлер – лайықты  деп ойлаймын. Бәріміз – теңбіз .

–Елдегі саяси-экономикалық жағдайлардан соң президенттің беделін сайлау көтере ме? Сайлаудан не күтесіз?

–Жоқ. Ешқандай басшының беделін сайлау көтермейді, керісінше, сайлау оған тек жауаптылық жүктейді. Сайлаудан ештеңе күтпеймін. 1986 жылдан бері бір де бір сайлауда дауыс берген жоқпын. Иә, бақылаушы болдым, тәуелсіз бақылаушылар жүйесін басқардым, бірақ өзім дауыс берген емеспін.

–Сайлаудан кейінгі Қазақстан қалай өзгеруі мүмкін?

–Ешқандай өзгеріс болмайтын сияқты. Тоқаев осы Жолдау арқылы Назарбаевтың соқпағына түскенін көрсетті.

–Пікір білдіргеніңізге көп рақмет!