Bugin
Оңтүстік Кореяда «Хиннамнор» супер тайфуны соқты. Мыңдаған адам қауіпсіз аймаққа көшті . Бұл туралы Bugin.kz порталы DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Корея метеорологиялық басқармасы (KMБ) тайфунның Оңтүстік Кёнсан провинциясының оңтүстік-шығысындағы Геодже қаласына таңғы сағат 4:50-де соққанын хабарлады. Қала толығымен бірнеше аралдарда орналасқан, олардың ең үлкені – Геоджедо.
Тайфун қазіргі уақытта қауіпті төрт санаттың үшіншісі ретінде жіктеледі және атмосфералық қысымы 945 гектопаскаль және желдің максималды жылдамдығы секундына 45 шақырым болатын «өте күшті» санатқа жатады.
Толассыз жауған жаңбыр мен жел оңтүстік облыстарда ағаштар мен жолдарды қиратқаны хабарлануда. 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.
Хиннамнор – бұл 400 шақырымға созылатын өте үлкен тайфун,», - деді КМБ бас синоптигі Хан Санг-ун, ықтимал шығындарды азайтуға шақырды.
«Сейсенбі күні таңертең Ульсанда 3 463 адам эвакуацияланды және 25 жастағы бір ер адам із-түзсіз жоғалды», деп хабарлады Оңтүстік Корея билігі.
600-ден астам мектеп жабылып, 250-ден астам ішкі рейстер тоқтатылды. Сондай-ақ елдің әртүрлі аймақтарында паромдардың қозғалысы тоқтатылды. 66 мыңнан астам балық аулау қайықтары порттарға эвакуацияланды.
Президент Юн Сук Ёл төтенше жағдайға қарсы кеңестер өткізіп, шенеуніктерді тайфун толығымен жойылмайынша сақтық шараларын қолдануға шақырды.