Bugin

Қазақстанның шығыс бөлігін өрт шарпыды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шығыс Қазақстан облысын орман өрті шарпыды. Өрт құрғақ шөп салдарынан туындаған. Оқиға 6 қыркүйекте Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан сегіз шақырым жерде болған.

«Ново-Березовское орман шаруашылығы аумағында орманды алқапта алдын ала болжам бойынша 40 гектар аумақта құрғақ шөптер мен бұталар өртенді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге 60-тан астам адам мен бес техника жұмылдырылған. Өртті сөндірумен Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы, әкімдік пен полиция қызметкерлері айналысуда.

«7 қыркүйек күні таңертең қосымша орман шаруашылығының 30 қызметкері көмекке жіберілді», - деп қосты департаменттегілер.