Bugin
Парламент Мәжілісінің депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынды. 7 қыркүйекте Мәжіліс отырысында қаралатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында осындай тармақ бар. Бұл туралы bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.
«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы күндерге және мемлекеттік мерекелерден алып тастап, әлеуметтік маңызы зор әлеуеті жоғары басқа да даталарға ұқсас етіп белгілеу ұсынылады» - делінген заң жобасында.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:
25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу;
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.