Әлем

Путин Украинаның астық порттарын жауып тастамақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин астық келісімінің болашағына күмән келтіріп, оның келіссөздерде талқыланған шарттар бойынша орындалмай жатқанын айтты. Оның айтуынша, Украинадан экспортталатын астық кедей елдерге берілуі керек еді, бірақ ол Еуропаға жөнелтілген, деп хабарлайды Bugin.kz портал Moscowtimes басылымына сілтеме жасап.  

Путин 87 кеменің тек екеуі Африкаға қарай жылжығанын, оларда 60 мың тонна жүк болғанын, ал екі миллион тонна жүк украин порттарына жеткізілгенін айтты.  

«Бұл дамушы елдерге бағытталған 3% ғана. Өткен ғасырларда көптеген Еуропа елдері отарлаушылар ретінде әрекет етті және бүгінде де әрекет етуде. Дамушы елдерді тағы да алдады және алдауды жалғастыруда», — деп атап өтті саясаткер Шығыс экономикалық форумында сөйлеген сөзінде.  

Осыған байланысты Ресей президенті астық пен басқа да азық-түлік өнімдерінің экспортын «осы бағыт бойынша» шектеуге болатынын айтты. Ол бұл мәселені Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен талқылайды.