Bugin

Үкімет Назарбаев туралы фильмдерді қаржыландыруды жалғастыра ма? - Абаев жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмдерге қолдау көрсетіп, қаржыландыруды жалғастыра ма? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

«Мазмұнынан бастау керек, мазмұны қызықты болса, кез келген фильмді қолдауға дайынбыз. Кейіпкерге қадалып қажеті жоқ» - деді министр.  

Сондай-ақ, министрге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы фильм түсіруге кинорежиссерлерден өтініштер бар ма деген сұрақ қойылды.  

«Менің білуімше, жоқ. Мұны сарапшылар жасайды, сұрақты соларға жолдау керек. Біз бұған араласпаймыз. Қазақстандағы барлық саяси өмір, соның ішінде қаңтар оқиғасы фильмдерде көрініс табатынына толық сенімдімін. Себебі, қаңтар оқиғасы кезінде Тоқаев өзін лайықты ұстады», - деп жауап берді Абаев.