Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРесей Украинамен соғыс нәтижесінде ештеңе жоғалтқан жоқ. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Moscowtimes басылымына сілтеме жасап.
«Біз ештеңе жоғалтқан жоқпыз және ештеңе жоғалтпаймыз», - деді ол Шығыс экономикалық форумында.
Мыңнан астам шетелдік компаниялар Ресейден кеткенімен, авиация өнеркәсібі шетелдік ұшақтарсыз қалды, банктер әлемдік валюталардан және SWIFT жүйесінен ажыратылды, елде автомобиль өнеркәсібі, металлургия және автомобиль жасау құлдырады, үкімет КСРО ыдырағаннан бері болмаған экономикалық ахуалға қол жеткізді. Керісінше қазіргі жағдай Ресейге плюс әкелді.
«Егемендігіміздің нығаюы қазір болып жатқан жағдайдың сөзсіз нәтижесі. Иә, әрине, әлемде де, ел ішінде де белгілі бір поляризация бар. Бірақ бұл тек пайда әкеледі деп ойлаймын. Ресейдің әрекеті Донбасс халқына көмектесуге бағытталған және бұл соңына дейін орындалатын міндет», - деді Путин.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61