Украинаға қатысты маңызды ақпарат анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің шабуылынан Украинаның қанша шығынға ұшырағаны белгілі болды. Бұл туралы Брюссельде өткен «Украина-Еуропа Одағы» қауымдастығының отырысында ел премьер-министрі Денис Шмигал мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Біздің Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп жасаған есептеулеріміз бойынша, Ресей шабуылынан кейінгі материалдық шығын көлемі 326 миллиард долларды құрайды», - деді Шмигал.

Сондай-ақ, Украина премьер-министрінің айтуынша, қаражаттың 105 миллиард доллары қираған нысандарды қалпына келтіруге жұмсалуы тиіс нақты сома.

«Украинаның Еуропалық Одаққа кіру ниеті берік және өзгермейді. Сондықтан біз визасыз режим туралы келісімге қол қойып, ЕО-ның ішкі нарығына интеграциялану үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Біз Еуропалық Одаққа Украинада соңғы айларда жүргізілген реформаларға оң баға бергені үшін алғыс айтамыз және осы жылдың соңында ЕО-ға кірудің нақты жол картасына көшуге дайынбыз», - деп қосты ол.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61