Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com2023 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өседі. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектеп және колледж мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25 пайызға өседі», - делінген хабарламада.
Мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп отырғаны атап өтілді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш осының арқасында мұғалімдер қатары көбейіп, талапкерлердің ҰБТ-дағы орташа балы айтарлықтай өсті деп есептейді. Педагогикалық мамандықтарға түсетін «Алтын белгі» иегерлері көбейді.
«Сонымен қатар, мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер белгіленеді. Бұл – біліктілік санатына (лауазымды жалақының 30%-дан 50%-ға дейін), магистратураға, пәндерді ағылшын тілінде оқытқаны үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі мен тәлімгерлік қызметі үшін қосымша төлемдер», – деп қосты Молдаш.
Сондай-ақ олар дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан кейін қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін ай сайынғы қосымша ақы төленетінін қосты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61