Bugin

Павлодар облысында өрт өршіп тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауылшаруашылық жұмыстары басталғалы күн сайын дерлік өрттер орын алатынын айтты.

Дала өрті Сәтбаев ауылдық округінде, Баянауыл ауданындағы Шоқтау учаскесінде тұтанған. Құрғақ шөп жанып жатыр. Өрт сөндірушілермен бірге 30 ерікті өртті ауыздықтады.

Тағы бір дала өрті 12:14-те Жаңажол ауылдық округінде, Жаңажол ауылының маңында болды. Тас бұлақ, Бүркітті, Қажыгелді учаскелерінде құрғақ шөп өртенді. Өрттің жалпы аумағы 40 гектарды құрады. Өрт бес сағаттан кейін сөндірілді.

15 адамға қатысты өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салумен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Павлодардан түсірілген видоны мына сілтемеден көре аласыздар.