Bugin

Зейнетақы қоры салымшыларына 3 триллион теңге аударды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларына баспана және емделуге үш триллион теңгеден астам қаржы аударды. Бұл туралы Bugin.kz порталы зейнетақы қорына сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2021 жылғы қаңтардан бастап БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға салымшылардың 1 330 675 өтінішін орындады. Қазақстандықтардың уәкілетті оператор банктерде ашылған арнайы шоттарына 3,1 триллион теңгеден астам қаржы аударылды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері шамамен 2,4 млн теңгені құрады»,-делінген хабарламада.

Орындалған өтініштердің басым бөлігін Алматы (17,61%), Нұр-Сұлтан (14,02%), Маңғыстау облысының (10,35%) тұрғындары жолдаған.

Бұл ретте қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдері өтініш берушінің өтініші бойынша және өзге де себептермен уақтылы пайдаланылмауына байланысты уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 452,5 млрд теңге қайтарылған .

Сондай-ақ БЖЗҚ жалпы сомасы 305,2 млрд теңгеге емделуге 391 042 өтінішті орындады. Бұл ретте қаражатты алудың орташа сомасы шамамен 0,8 млн теңгені құрайды. Бұл ретте уәкілетті оператордан («Отбасы Банкі») БЖЗҚ-дағы салымшылардың ЖЗШ-на 31,5 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші бойынша және өзге де себептермен белгіленген мерзімде игерілмеді.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне инвестициялық портфельді басқарушы (ИБМ) 8,7 млрд теңге аударды. БЖЗҚ 5 878 өтінімді орындады. Орташа аударым сомасы шамамен 1,5 миллион теңгені құрайды.