Саясат

Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға айтары бар

Қазақ жастары - дүниежүзінің барлық жерінде жұмыс істейтін болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Президентінің телерадиокешені мұрағаттық видеороликте Президенттің Қазақ жастарына айтқан ақыл-кеңесін жариялады.

«Жастарға айтатын бір сөзім бар. Қазір өсіп келе жатқан жастар - дүниежүзінің барлық жерінде жұмыс істейтін болады. Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? Басқа елге барғанда, мысалы Африкаға барғанда «Мен қазақпын! Табыныңдар маған» деп өзіңнің заңыңды орнатасың ба? Немесе Аустралияға, Америкаға, Еуропа мемлекеттеріне барасың. Қазіргі жастарымыз - дүниежүзінің азаматы болды. Жас кезден әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, оларды тыңдауға үйрену керек. Сонда бізді сыйлайтын болады», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Айта кетсек, Президент Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланған болатын.   

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61