Bugin

Еліміздегі өрт салдары бидай тапшылығына әкелмей ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстандағы дала өртінің егін жинау науқанына әсері туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Министрдің сенатта берген жауабына сілтеме беріп хабарлайды.

Оның айтуынша, өрт еліміздегі егін жинау науқанына әсер еткен жоқ.

«Егер Қостанай облысындағы өртте егін зақымданған болса да,  үлкен көлемде емес. Қазір комиссияның түпкілікті қорытындысын күтіп отырмыз. Бұл (өрт.редакция) азық-түлік қауіпсіздігіне ешқандай әсер етпейді. Қостанай облысы және жалпы Қазақстан бойынша бүгін таңертеңгі жағдай бойынша барлық егіннің 60 пайызға жуығы орылды. Егістіктен 11,5 миллион тонна бидай жиналуы болжанған, оның 9 миллион тоннасы жиналып, орылды. Астық гнауқанында шығын да кедергі де жоқ», - деді министр Сенатта журналистердің сұрағына берген жауабында.