Bugin
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға рейдерлік және адам ұрлау бойынша айып тағылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KazTag сайтына сілтеме жасап.
«Сатыбалда Г.-ға және оның сенімді өкілдеріне қатысты бірқатар кәсіпорындардың акциялары мен мүлкін заңсыз иемдену, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның алдын ала сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Гүлмира Сатыбалдыға және оның бақылауындағы компания басшылығына, «Ария-Жана Астана» ЖШС-не, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты нысандар құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеу жалғасуда.
Бірнеше нысандарда іс жүзінде аяқталмаған құрылыс-монтаж жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы он мың теңгеге аса ірі көлемде залал келтірілген.