Bugin

Өршіген өрт: алдағы 50 жылда әлемді не күтіп тұр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алдағы 50 жылда аптап ыстық пен ылғалдылық салдарынан адамзат шұғыл түрде қоныс аударуы ықтимал. Бұл туралы Bugin.kz порталы Time журналына сілтеме беріп хабарлайды.  Адамдар Сібірге, Арктикаға және Канадаға табан тірейді. Ол жақта жаһандық мегаполистер бой көтереді.

Соңғы жылдары көптеген елдерде ауа-райының өзгеруі айқын байқалады. Оңтүстікте аптап кейде тым жоғары деңгейде. Ал бұл халықтың денсаулығына, жалпы жағдайына кері әсер етеді. Өмір сүру сапасын төмендетеді. Time журналистерінің пікірінше, алдағы 50 жылда адамзат өмір сүру үшін жаңа жерлер іздеуге мәжбүр болады. Соңғы жылдарда әр жерден байқалып жатқан ірі өрттердің қарқыны да алдағы 50-100 жылда ауа-райының өзгеретінін нақтылай түскендей.

Жаһандық жылыну. Фото: global.unitednations

Жер адамзатқа сенімді орын болмауы да мүмкін. Яғни дәл қазіргідей ыңғайлы ауа-райы болмайды. Бәрі өзгереді. Бізге адамзаттың аман қалуы үшін түбегейлі жоспар керек. 2050 жылға қарай көптеген жерлер тұруға жарамсыз болады. Ал 2100 жылға қарай жер мүлде басқаша келбетке ие болады. Ғалымдар жаһандық көші-қонсыз халықтың үштен бірі Сахарадағыдай температурада өмір сүретінін болжайды. Көші-қонның негізгі жерлері солтүстікте.

Адамзаттың жаһандық көші-қонын айналып өту мүмкін емес екені анық. Алдағы 50 жыл ішінде қазір қираған Сібір, Канаданың кейбір аймақтары және Арктика халық арасында сұранысқа ие және тығыз қоныстанатынаймақтың бірі болады.