Алматыда өрт қойған адамның өрт сөндіруші екені рас па? (фото, видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылғы 7 қыркүйекте әлеуметтік желідегі You Tube каналының «Бәсе» аккаунтында «МЧС поджигает Казахстан. Установлена личность поджигателя из Алматы» атауымен бейнеролик орналастырылған болатын. Бейнероликте өртті ұйымдастырғандың бірі өртке қарсы қызмет қызметкері Жанат Өтеулиев екені айтылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Өтеулиев. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады», - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Оны Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап алған, ол Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 1-бөлімінің 440-бабы және 1-бөлімнің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды,

Тексеру шаралары барысында ер адам өз әрекетін түсіндіре алмаған, себебі ол қатты мас күйінде болған. Қазіргі уақытта қызметтік тергеп-тексеру тағайындалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61