Bugin
Нұр-Сұлтандағы Ұлыбритания, АҚШ және Франция елшіліктері II Елизаветаның қайтыс болуына байланысты мемлекеттік туын түсірді. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.
Қазақстан астанасындағы Ұлыбритания елшілігі басқа да бірқатар дипломатиялық өкілдікпен бір ғимаратта орналасқан. Космонавттар көшесінде Ұлыбритания туымен қатар Франция туы да төмен түсірілген.
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Twitter-парақшасында:
«Мәртебелі Королеваның өмір бойы мемлекеттік қызметтерді үлгілі атқарғанына қатты толқып, таңғаламын. Патшайым премьер-министр Лиз Трасс айтқандай, «қазіргі Ұлыбритания салынған тас тәрізді» болды»,- деп жазды.
Туды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі де түсірді.
«АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы Мәртебелі II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты корольдік отбасына, Ұлыбритания халқына және Достастық халықтарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Ол көптеген америкалықты шабыттандырды және басшылығы арқылы АҚШ-Британ альянсын одан да тығыз нығайтты», - делінген елшілік хабарламасында.