COVID-19
2022 жылғы 11 қыркүйектегі жағдай бойынша республикадағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес барлық өңір “жасыл” аймақта. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.
2022 жылғы 15 шілдеден бастап Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын өзектендірді. Осылайша 100 мың тұрғынға шаққанда 7 күн ішінде орташа тәуліктік сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда емдеуге жатқызылғандардың тәуліктік көрсеткішіне қайта қаралды.