Bugin

Зеленский Украина жеңісі туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қыркүйек айының басынан бері Украина әскері екі мың шаршы шақырымнан астам аумақты азат етті. Бұл туралы Bugin.kz порталы  Владимир Зеленскийдің жолдауына сілтеме беріп хабарлайды.

«Біздің жауынгерлер майданның әртүрлі бағыттарында қимылдарын жалғастыруда. Қыркүйек айының басынан бергі белсенді әскери қимылдардың нәтижесінде екі мың шақырымнан астам жер аумағымыз азат етілді. «Ресей армиясы бұл күндері ең жақсы жұмысын көрсетуде –яғни шегінуде», - деді ол.

8 қыркүйекте Зеленский ай басынан бері Украина мың шаршы шақырымнан астам аумақты азат еткенін айтты. 9 қыркүйекте ол Украина қарулы күштері Харьков облысындағы 30-дан астам елді мекенді бақылауға алғанын хабарлады.

«Медуза» басылымының 10 қыркүйектегі хабарлауынша, ай басынан бері Украина қарулы күштері 4200 шаршы шақырымнан астам аумақты қайтарып алған (Егер Изюм қаласы мен Изюм алаңындағы елді мекендер де есепке алынса, бұл аймақтарды орыс әскерлері тастап кеткен).

Осы аптада Украина армиясы Харьков облысының басып алған жерлерінде кең ауқымды қарсы шабуылға шықты. 8 қыркүйекте орыс әскерлері қоршауға алынбау үшін Балаклия қаласынан шықты, 10 қыркүйекте бұл әрекет Купянск қаласының батыс бөлігінде және Изюм қаласында қайталанды.

10 қыркүйекте Ресей Қорғаныс министрлігі Харьков облысындағы шегіну туралы алғаш рет түсініктеме берді. Министрлік мұны «Донецк бағытындағы күш-жігерді күшейту» мақсатымен «қайта топтастыру операциясы» деп түсіндірді.

Украинаның Харьков облысының оңтүстігі мен шығысындағы қарсы шабуылы бес күннің ішінде барлық мақсаттарына жетті. Орыстар солтүстік аумақтарды да тастап кетті. Украина әскерилері де Ресеймен шекарадағы қалалар мен ауылдарды азат етуде. Қоршауға алынбау үшін орыс әскері 8 қыркүйекте Балаклия қаласынан шығып, 10 қыркүйекте Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің негізгі қамтамасыз ету базасы болып табылатын Купянск қаласының батыс бөлігінен шегінді.  10 қыркүйекте Ресей қарулы күштері аймақтағы ең үлкен топтың штабы орналасқан Изюм қаласынан шығарыла бастады. Осы аудандармен бірге ұрыстарда ондаған басқа ауылдар мен елді мекендер, ондаған бүтін немесе зақымдалған техника, сондай-ақ тонналап оқ-дәрі қалды. Сонымен қатар, 2022 жылдың наурыз айынан бастап Ресей армиясы үлкен күш пен шығынмен қол жеткізген барлық нәрселерінен айырылды. Енді ресейлік әскерилердің Донбассқа солтүстіктен жаңа шабуыл бастауға мүмкіндігі жоқ.