Bugin

Қазақстандық актерлер Венеция кинофестивалінде жүлде алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италиядан келген тәуелсіз киносыншылардан Premio bisato d'oro 2022 «Үздік актер» арнайы жүлдесі актер Берік Айтжанов пен Данияр Алшыновқа берілді. Бұл туралы bugin.kz порталы kazakhfilmstudios.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.

79-шы Венеция халықаралық кинофестивалінде Әділхан Ержановтың «Голиаф»  фильмі Италияның тәуелсіз киносыншыларының арнайы сыйлығына ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» атты жаңа көркем фильмі тамыздың 31-і мен қыркүйектің 10-ы аралығында Лидо аралында өтетін 79-шы Халықаралық Венеция кинофестивалінің Orizzonti Extra («Жаңа көкжиектер») бағдарламасына қатысты.

Басты рөлдерді қазақстандық белгілі актерлер: Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Альмира Тұрсын және Еркен Губашев сомдады. Сондай-ақ, фильмге ресейлік актерлер Дмитрий Чеботарев және Александра Ревенко түсті.

Orizzonti Extra бағдарламасы кино әліміне жаңалық алып келген фильмдерді көрсетіп қана қоймай, әлемге жаңа режиссерлерді таныстырады. Бұл бағдарлама шеңберінде түрлі жанрда және әр түрлі форматта түсірілген фильмдердің ішінен үздік туындыны көрермендерден құралған қазылар алқасы анықтайды.

«Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен қазақстандық Short brothers және Changepoint кинокомпаниялары және ресейлік All Media (a START Company) мен «Форест-Фильм» компаниялары бірлесе түсірген кинотуындының оқиғасы Қаратас ауылында өрбиді. Өзінің қаталдығы мен албырттығымен белгілі Бөлеген есімді жігіт ауыл тұрғындарын үрейде ұстайды, оларды баспана мен жұмыспен қамтамасыз етеді. Оған қарсы шыққан жандарды аяусыз жауапқа тартады. Қаратас ауылындағы қылмыс туралы полицияға жеткізбек болған Арзудың әйелі бүкіл отбасын қатерге тігеді.

Әділхан Ержановтың «Голиаф» фильмі 79-шы Венеция халықаралық кинофестивалінің «Жаңа көкжиектер» (Orizzonti Extra) конкурстық бағдарламасына енді.