Bugin
Тараз қаласының әкімдігі тендерсіз 1,4 млрд теңгеге келісімшарт жасаған. Бұл туралы Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.
Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі 2021-2022 жылдары 1,4 млрд теңгеге тендерсіз келісім-шарттар жасаған. Оның ішінде Тараз қаласы әкімінің қазіргі орынбасары Нұрбола Қалдыбаевпен 262 миллион теңгеге қол қойылса, 177 миллион теңгенің жұмысы аяқталды. Ол кезде Қалдыбаев Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы болатын.
Негізінен төтенше жағдайларда конкурстан тыс келісім-шарттарға жол беріледі. Бірақ соңғы екі жылда Тараз қаласында төтенше жағдай орын алды ма? Әрине жоқ. Айта кетерлігі, мемлекеттік сатып алу заңға сәйкес конкурссыз қызметтерді алуға рұқсат беру екені белгілі болғандықтан, мемлекеттік сатып алу порталында жоба авторларымен мердігерлердің келісім-шарттарын есепке алмадық