Спорт

Әлемнің ең жас бірінші ракеткасы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:reuters.com

19 жастағы испандық теннисші Карлос Алькарас АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы bugin.kz порталы reuters.com агентігіне сілтеме беріп хабарлайды.

Ол US Open финалында норвегиялық Каспер Руды жеңді. Ойын 3 сағат 20 минутқа созылды.

Чемпионаттағы жеңіс испандық спортшыға әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін әкелді. Осылайша ресейлік Даниил Медведевті бұл позициядан ысырылып кетті.

Алькарас 1973 жылы кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингті алғаш жариялағаннан бері әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіндегі ең жас теннисші атанды.

Теннисшілердің рейтингі ойыншылардың турнирлерге қатысуы және бірінші орынға шығуы үшін біліктілігін бағалаудың жеңіске негізделген әдісімен анықталады.