ДЕНСАУЛЫҚ

Ер адам балалы болуға қалай дайындалуы керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ер адамдар неше жасынан бастап балалы болуға дайын? Ой тұрғысынан емес әрине денсаулық тұрғысы сөз болуда. Сұраққа уролог-андролог, Репродуктивті медицина институтының маманы Андрей Дмитриев жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы doctorpiter.ru сайтына сілтеме бере отырым хабарлайды.

Дәрігердің айтуынша, ерлерде ұрпақ қалдыруға «мына мерзім болмайды» деген уақытжоқ. Дегенмен, балалы болуға ең жақсы жас - 25 жас. Өйткені, дәл осы уақытқа дейін гормоналды фон толығымен бекітілген. Бұл кезең шамамен 40 жылға дейін созылады.

Дегенмен, жас – ұрпақты  болу денсаулығына әсер ететін жалғыз фактор емес екенін түсіну керек. Сонымен, жаман әдеттерге байланысты сперматозоидтардың қозғалғыштығы төмендеуі мүмкін. Сондықтан темекі мен алкоголь әке атанғысы келген адамның арманынан алыстатуы мүмкін.

Сонымен қатар, ер адамның балалы болу мүмкіндігіне келесі факторлар әсер етеді:

қабыну аурулары;

ваннадан, саунадан немесе көліктегі орындықты жылытудан қызып кету;

шамадан тыс спорт немесе тым көп физикалық белсенділік.

Балалы болуға ер адам дайындалуы керек пе? Дәрігер ер адамның да әйелмен қатар дайындалуы маңызды екенін айтады. Яғни баланы 3 ай бұрын жоспарлау – ең ұтымды шешім. Дәл осы кезеңде ұрықтандыруға дайын сперматозоидтардың жаңаруы мен жетілуінің толық циклі аяқталады, деп атап өтті уролог-андролог. Осы кезеңде сперматозоидтардың сапасына зиян келтіретін барлық нәрселерден бас тарту өте маңызды.