Bugin
8-10 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында әлемдік деңгейдегі «First Global Challenge - 2022 Carbon Capture» робототехника бойынша турнирдің республикалық кезеңі өтті. Аталған турнирге Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS мектебінен 5 команда, яғни 25 оқушы қатысып, жиырма бесі де жүлделі орындарды жеңіп алды.
Жарыстың біліктілік матчтарында біздің командалар жалпы рейтингте бірінші орынға көтеріліп, жартылай финалға өтті. Жартылай финал нәтижесі бойынша 4 Альянс таңдалды. 1 альянс – «Shabdaly», «Bozo» командалары және басқа мектептердің тағы 2 командасы. 2 Альянс – «YaCu», «Balga men Shege» командалары және басқа мектептердің тағы 2 командасы. 3 альянс – «I don ' t know» командасы және басқа мектептердің тағы 3 командасы.
Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS мектебінен 25 оқушыдан құралған 5 команда қатысты:
1 Команда: (Shabdaly) Әбілқасым Ерасыл 10D, Бисенгали Жанторе 12B, Исмагилова Дария 11М, Тұрғанбек Марғұлан 11 L, Халметов Эльнур 12 B;
2 Команда: (Bozo) Cидорова Лейла 11М, Едиль Темирлан 11 L, Сартбаев Темирлан 11B, Нұрахмет Асқар 11С, Қуаныш Ернур 11С;
3 Команда: (I Donut know) Кашкунова Аяна 12N, Тұрғунбай Нұрислам 11В, Сұлтанбек Кайсар 10L, Көксал Иманәлі 10D, Ахметов Дархан 11С;
4 Команда: (YaCu) Әмзебек Ибрахим 11B, Гапонов Сергей 10N, Бурибаева Амина 9L, Кашкимбаев Султан 10D, Араева Амели 9L
5 Команда: (Balga men Shege) Джанзаков Нұрсұлтан 11B, Каримова Аяжан 10D, Шаймерденова Дәмелі 9A, Абдиразак Жанэль 9A, Өмірхан Ердәулет 9A.
Бұл 4 Альянс финалдық ойындарды өзара ойнады. Жалпы ұпай саны бойынша финалда бірінші альянс жеңіске жетті. 2 орын - 3 альянс. 3 орын - 2 альянс.
Жарыс ережесі бойынша 1 орын алған команда «First Global Challenge World – 2022» Швейцарияда өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алады. Турнирдің абсолютті чемпионы - Әбілқасым Ерасыл. Бисенгали Жанторе, Исмагилова Дария, Тұрғанбек Марғұлан, Халметов Эльнур оқушыларынан құралған «Shabdaly» командасы.