Bugin

Ханзада Генри Патшайым Елизавета II қайтыс болғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ханзада Генри Чарльз Альберт Дэвид марқұм әжесі, Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға арнап мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы bbc.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Ханзада Елизавета II-нің рақымы мен қадір-қасиеті мәңгілік мұраға айналғанын айтты.  

«Менің әжем, Мәртебелі патшайымның өмір жолын есіме алып отырсын. Оның өмірден өтуіне қайғыра отырып, қызмет пен борышқа адалдығы кезінде көптеген адамдар үшін жетекші компас болғанын айтқым келеді», - деп жазды ол.  

Сондай-ақ, патша отбасының мүшесі ретінде ерте жастан бастап патшайыммен болған барлық кездесулері үшін шексіз ризашылығын білдірді.  

«Қызметке деген адалдығыңыз бен жақсы кеңестеріңіз үшін рақмет. Әдемі күлкіңіз үшін рақмет. Сіздің қазір атаңызбен қайта қауышып, тыныштық пен бейбітшілікте екеніңізді біліп біз де қуанамыз», — деп қорытындылады ханзада Гарри.  

Еске салайық, Патшайым Елизавета II 8 қыркүйекте қайтыс болды. Ұлыбритания Туы Букингем сарайының үстінен түсірілді. Ұлттық аза тұту кұні жарияланды. Ол жерлеу рәсіміне дейін 10 күнге созылады. 

Монархты жерлеу рәсімі 19 қыркүйек күні таңғы 11-ге жоспарланған. Патшайым Виндзор қамалының аумағында әкесі Король Джордж VI мемориалдық капелласында жерленеді. 

Елизавета II-ні жерлеу рәсімі Ұлыбританияда демалыс күні өтеді.