Қоғам

Жүк пойызы 120 қойды қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында теміржол апаты болды. «Жетіген-Көрөзек» учаскесінде жүргізуші жолды кесіп өтіп бара жатқан отарды байқады. Ол шұғыл тежеуді қолданды, бірақ соқтығысты болдырмау мүмкін болмады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Алматы көлік полициясы департаментіне сілтеме беріп хабарлайды.

530 бастың 123-і өлді. Тез арада малдың иесі анықталды. Ол Алматы облысы, Туғанбай ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (Темір жолдың жүру бөлігінде мал жаю ережесін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады ведомстводан.