Bugin

Сбербанк Қазақстан енді басқаша аталады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Сбербанк Қазақстан» ребрендинг жүргізіп, «Береке» атауын алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Шарлапаев журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, ребрендинг қажет болады. Ол 1 қыркүйекте меншік құқығын беру мәмілесі жабылғанын қосты.

«Жаңа банк «Береке банк» деп аталмақ. Қазақтың жақсы сөзі, оны бәріміз бір-бірімізге тілейміз. Менің ойымша, бұл банк бұрын жұмыс істеген құндылықтар мен міндеттемені көрсетеді және болашақта жұмысын жалғастырады деп үміттенемін» - деді Қанат Шарлапаев

2 қыркүйекте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Қазақстандағы Жинақ банкінің еншілес банкі («Сбербанк» АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сату-сатып алу мәмілесін жапқаны белгілі болды.

«Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттарда аяқталды және барлық қажет реттеуші рұқсатты алды» - деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова банкті сатып алу себебін атады.

«Менің ойымша, банкті сатудың басты себебі - бас лицензияның мерзімі 12 қазанда аяқталады. Бұл Сбербанкпен операцияларды жасауға мүмкіндік береді. 12 қазаннан кейін банк СТО деп аталатын тізімге кіреді. Бұл тізім банк жүзеге асыра алатын операцияларды шектейді. Осыған байланысты банкті ДТО-дан шығару үшін ресейлік акционер бұл банкті сатуға шешім қабылдады» - деді Мәдина Әбілқасымова.