Bugin

Астана атауы қайтарыла ма? Ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жуырда Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы ұсыныс білдірді. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар екен. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Руслан Желдібайдың хабарлауынша, депутаттар, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенген.

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

«Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуға тиіс», - деп жазды Руслан Желдібай.