Bugin

Халықаралық іздеуде жүрген Әбілязовтың сыбайласы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық іздеуде жүрген Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласының елге қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«БТА-Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша «Жаңа Қалкаман» ЖШС-нің номиналды директоры Виталий Леонидович Пак 2011 жылдан бері іздеуде жүрген еді. 2006-2008 жылдар аралығында аталған компанияға заңсыз несие беру арқылы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары 8,9 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырған. 2019 жылы Антикор Виталий Пактың Қытайдың Чэнду қаласында екенін анықтады.

«Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін Пак Қазақстанға оралғысы келетінін айтып, жазбаша өтініш жолдады. Ағымдағы жылдың 27 тамызында Интерполдың, Ішкі істер министрлігінің көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматыға келіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деп қосты Антикоре.