Bugin
Рим Папасы Франциск Нұр-Сұлтанға келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ITA Airways әуекомпаниясының AZ4000 рейсі елорда әуежайына сағат 17.18-де қонды.
«Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды. Қадірлі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алады», - делінген Ақорда баспасөз қызметі хабарламасында.
Нұр-Сұлтан әуежайында Рим Папасы Францискті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
«Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті. Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды», - делінген Ақорда хабарламасында.