Қоғам

Арман Шораев шын мәнінде кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыған дейін Арман Шораевтың президент сайлауына кандидатын ұсынатыны туралы айтқан едік. Bugin.kz порталы сайлауға қатысатын Арман Шораевтың жүріп өткен өмір жолы туралы хабарлайды.

1970 жылдың 7 мамырында дүниеге келген.  Атқарушы қызметі жайлы мәлімет жоқ.

Білімі – 1990  жылы Көкшетау педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; 2001 жылы - «Әділет» жоғары заң мектебі, заңгер; 2005 жылы - Көкшетау экономика және менеджмент институты, экономика магистрі.

Өмірбаяны:

1989-1991 жылдары - Көкшетау облыстық радиосының жастар бағдарламаларының редакторы;

1991-1995 жылдары - Көкшетау облыстық телерадиокомпаниясының тікелей хабарларының жүргізушісі;

1996-1997 жылдары - «Оқжетпес» тәуелсіз ТРК директоры;

1997-1999 жылдары КТК телеарнасының Астана қаласындағы меншікті тілшісі;

1999-2004 жылдары - Ақмола облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы;

2004-2006 жылдары - «Хабар» агенттігі» АҚ Орталық бюросының директоры;

2005 жылы - Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының баспасөз қызметінің жетекшісі;

2006 жылы - «Хабар» Агенттігі» АҚ бас директорының орынбасары;

2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімінің бас инспекторы;

2007-2014 жылдары - «Коммерциялық телеарна» АҚ бас директоры;

Қазақстан журналистері конгресі атқару комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.

Үйленген, төрт баласы бар.