Саясат
Бұл терактіні кім жасауы мүмкін?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРесей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Мысыр басшысы Абдельваттахом Сиси кездесу кезінде орын алған Керчь оқиғасына қатысты нақты деректер жарық көрген жоқ. Алайда көрші елде орын алған жағдайды әлеуметтік желідегі белсенділер өздерінше топшалап, өз ойларын бере бастады.
Бүгін Керчьте теракт болды. 19 адам өліп, 50-ден астамы жараланды. Қанды қырғынды іске асырған 18 жасар жігіт. Сыбайластары бар деседі.
Бұл терактіні кім жасады? Не үшін? Не мақсатта?
Алдымен терактінің саяси дүние екенін ескеруге тиіспіз. Яғни саяси сипат бойынша жарылыс яки атыстан кейін, белгілі бір ұйым не топ ол қылмысты өз мойнына алып, артынша талаптарын қоюға тиіс. Әзірге ол орын алмады. Дей-тұра қанды қырғынды бір ұйымның әлі мойнына алмауы оны "теракт" деген жорамалдан айыра алмайды. Қазіргі таңда әлемде тіпті қурайдың да державалар ықпалымен сынатынын ескерсек, сөзсіз бұл да саяси акт! Ал саяси актілерге (митинг, теракт, ереуіл, соғыс, революция) санасы қалыптаспаған, бұғанасы бекімеген жастарды араластыру қалыптасқан тәжірибе. Таңғаларлық ештеңесі жоқ.
Кім жасауы мүмкін? Сценарий өте көп. Біріншіден, Украина мен Ресейдің арасындағы соғысты одан бетер өршелендіргісі келетін күштер. Ресей бұл терактіге Украинаны айыпты етсе, онда ресми түрде әскери қимылға көшуге мүмкіндік алады. Бұған дейін бейресми соғысып келді. Алайда санкциядан қорыққан ол мұндай әрекетке бара қоймас. Бірақ ішкі халықтық наразылықты басқа жаққа аудару үшін бәріне баруы мүмкін. Әсіресе шовинистік көзқарастағылардан ол шығады.
Екінші сценарий бойынша Ресейдің өзі жасауы мүмкін. ФСБ арқылы. 1999 жылдың қыркүйегінде Ресейдің ірі қалаларынды жойқын жарылыстар болды. Тұрғын үйлер жарылып, 500-ден астам адам қаза тапты. Ол жарылыстарға Мәскеу шешен сарбаздарын айыптап, екінші орыс-шешен соғысын бастап кетті. Алайда кейіннен ол жарылыстарды Ресейдің ФСБ өкілдерінің өздері жасағаны анықталды. Ол жайында тіпті Александр Подрабинек "ФСБ взрывает Россию" атты кітап жазып, оны 5 мың тиражбен басып шықты. Ол жарылыстарды ФСБ жасағыны жайлы жүздеген материалдар жарық көрді. Яғни ФСБ жарылыстар жасау арқылы, Кавказда қайта соғыс жасады, артынша билік ауысымы болды. Билікке кім келгенін жақсы білесіздер.
Осы жолы да Ресейдің өзі жасауы әбден мүмкін. Қырым татарларына сілтей салып, қыспаққа алуы да ғажап емес. Бұның барлығы да АҚШ-тың Иракта атом бомбасы бар деп соғыс ашып, артынша бомбаның табылмауы, әлемдік сауда үйінің құпия түрде жарылуы, 1999-дағы қанды қыркүйек сынды саяси ойын ғана. Сценарий бір, енді кінәлі емес болса да "кінәлілерді" табу керек. Ресей сөзсіз бір ұлтты, мемлекетті яки ұйымды, дінді кінәлі етеді. Сүттен ақ, судан тазаның өзін содыр деуі бек мүмкін. Саясат қой.
Әрине, бұл тек субъективті көзқарас қана. Бәлкім қате шығар. Оны ақиқат деп қабылдаудың қажеті жоқ! Сіз бұл тұрғыдан не ойлайсыз?
(с) Асхат Қасенғали facebook парақшасынан алынды
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61