Әлем

Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс орын алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс орын алды. Бұл туралы bugin.kz порталы 24.kg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Қырғызстан шекарашылары Тәжікстаннан келген жасақты анықтағанын хабарлады. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өкілдерінің айтуынша, көрші елдің әскери қызметкерлері келісімдерді бұза отырып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияларды ұстаған.

«Қырғыз тарапының аумақты тастап кету талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғыз Республикасының шекарашылары да қару қолданды. Атыс басталып, оның барысында тәжік тарапы миномет қолданды. Қырғыз тарапынан жараланғандар жоқ», - деп хабарлады Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз орталығы.

Ал, Президенттің Баткен облысындағы Өкілетті өкілі Әбдікәрім Әлімбаевтың баспасөз қызметі оның тәжік әріптесі Раджаббой Ахмадзодамен шекарадағы жанжалды реттеу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Қақтығыс болған аймақ таулы жерде. Бейбіт халық онда тұрмайды. Президенттің Баткен облысындағы өкілі тәжік әріптесімен атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізуде. Қырғыз-тәжіктің басқа шекара аймақтарында жағдай тұрақты», - деді министрлік.