Әлем

АҚШ Путиннің Харьков маңындағы жеңілісінен кейін Мәскеуге жасырын делегация жіберді 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Харьков маңында Ресей жеңілгеннен кейін Нью-Мексико штатының бұрынғы губернаторы Билли Ричардсон өз командасымен бірге Мәскеуге келіп, Ресей басшылығымен кездесулер өткізді. Бұл туралы Bugin.kz порталы CNN ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды. 

Келіссөздер туралы егжей-тегжейлі ақпарат жария етілмеді. 

«Қазіргі уақытта біз бұл туралы түсінік бере алмаймыз», – деді Ричардсон. 

Ричардсонның Ресейге сапары Ресей армиясының майдандағы сәтсіздіктерімен ғана емес, Джо Байден әкімшілігінің заңсыз ұсталған екі американдықты: Бритни Гринер мен Пол Уиланды қайтаруға тырысуымен сәйкес келеді.