Әлем
Ұлыбритания билігі Ресей, Беларусь және Мьянма елдерінің өкілдерін патшайым Елизавета II-нің жерлеу рәсіміне шақырмады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters британ үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап.
Бүкіл әлемнің 500-ге жуық жоғары дәрежелі саясаткерлері мен дипломаттары патшайымның жерлеу рәсіміне қатысады. Олардан басқа тағы 1500 қонақ болады.
Сонымен бірге, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 10 қыркүйекте Владимир Путиннің өзі Ұлыбритания патшайымының жерлеу рәсіміне бармайды деп айтқан болатын.