Әлем
Америка Құрама Штаттары Тайваньға басып кіруден сақтап қалу үшін Қытайға қарсы санкция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Процесс бастапқы кезеңде тұр. Сонымен бірге Тайвань билігі Еуропалық Одаққа да қысым көрсетуде. Екі жағдайда да жоғары технологиялар, компьютерлік чиптер мен телекоммуникациялық жабдықтар саласында қолданылып жүрген санкциялардан басқа, Қытайға қарсы санкция салудың қосымша пакеті талқылануда.
Қандай жаңа тыйымдар қарастырылып жатқаны әзірге белгісіз. Конгресс Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің аралға сапарынан кейін Тайваньдағы жағдайдың шиеленісуі салдарынан Қытайды тежеу қажеттігі туындауда.
Вашингтон Пекинді арандатпай, барлық санкцияларды қолдаушыларды қанағаттандыратын оңтайлы шешім табуға ұмтылуда.
АҚШ Сауда министрлігінің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Назак Никахтар Қытайға шектеу қою «АҚШ пен оның одақтастарының Қытай экономикасымен тығыз қарым-қатынасын ескере отырып, Ресейге салынған санкциялардан әлдеқайда қиын міндет екенін» атап өтті.
Бұл арада американдық барлау Қытай соңында Тайваньға басып кіреді деп есептейді.