Bugin
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2028 жылдан кейін қазақ әйелдері 61 жастан зейнетке шыға ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министр зейнеткерлік жас бірқатар факторларға байланысты белгіленетінін және бұл мәселе қарастырылатынын мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы тапсырма бергеннен кейін біз заң жобасын Үкіметтің бекітуіне енгіздік. Енді оны Мәжіліске ұсынамыз. 2028 жылдан кейін не болатынын қарастырамыз. Зейнетақы жасы өмір сүру ұзақтығына, денсаулық жағдайына, зейнетақы мөлшеріне байланысты анықталады. Біз бұл мәселелерді 2028 жылға дейін қарастырамыз. Уақыт көрсетеді», - деді ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында.
Еске салайық, 1 қыркүйекте жасаған Жолдауында мемлекет басшысы әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылдан кейін 61 жас деп бекітетінін мәлімдеген болатын.