Қоғам

Қазақстанда кедейлік деңгейі жоғарылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқандар саны артты. Бұл туралы bugin.kz порталы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме беріп хабарлайды.

«2022 жыл күнкөріс деңгейінен (кедейшілік деңгейі) төмен халықтың үлесі II тоқсанда 5,1%-ды құрады. Бұл 2021 жылдың 2-тоқсанымен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары», - деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.

ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша көбінесе көп балалы отбасылар кедей. Бес және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейшілік деңгейі 9,3%-ды құрады. «Бұл – жалпы  кедейшілік деңгейінен екі есе дерлік жоғары», - деп нақтылады статистика мамандары.