Bugin

Рим папасы Абайдың сөзін мысалға келтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақшаның жолында адам өзін құрбандыққа шалмауы керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол коронавирус пандемиясынан кейін діннің рөлі қандай деген сұраққа көп ойланатынын айтты. Сондай-ақ, ол қазақтың ұлы ақыны Абайдың сөзін мысалға келтірді. 

«Пандемия әлемдегі 4 проблеманың ішіндегі негізгісі болып саналады. Назарды соған аударғым келеді. Бұл бізге барынша бірігуді талап етеді. Абай айтқандай, біз мәңгілік емеспіз. Бәріміз әлсіз екенімізді сезіндік, көмексіз қалғанымызды түсіндік. Ешкім бұл тұрғыдан тәуелсіз бола алмайды. Сондықтан бұл мәселеде бірлікті нығайту керек. Біз бұл жолда одан әрі алға ұмтылуымыз шарт. Жария түрде барлық проблеманы бірге шешуіміз керек. Сондықтан дінге бейтарап қарамауға тиістіміз», - деді Рим папасы.

Рим папасы адамдар мәселені бірігіп шешу керегін жеткізді.

«Адамның негізгі сипаты – оның әлсіздігі. Сондықтан билік пен мессиялардың құрбаны болмай, алға ұмтылуға тиіспіз. Біз қаржы табу жолында құрбан болмауымыз керек», - деді Ватикан және католик шіркеуінің басшысы.

Биыл съезге әлемнің 51 елінен 100-ден астам делегация қатысып жатыр. Атап айтқанда Рим папасы Франциск, әл-Азхардың жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб, Израильдің бас ашкенази раввині Давид Лау, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосиыф, Иерусалим православие шіркеуінің патриархы Феофил III және басқа да көрнекті діни жетекшілер бар.