Әлем

Елес кеме: Оуранг-Меданның қандай құпиясы бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамдар мыңдаған жыл бойы мұхиттарды аралап саяхат жасауда. Кейбір саяхаттар жағаға жете аяқталса, кейбірі су түбіне кетіп «тынады». Дауыл кезінде кемелер суға батып, адасып, апатқа ұшырайды. Ал кейбір жағдайда ғасырлар бойы кеменің тағдыры мәңгілік жұмбақ болып қалады.

Кейде, кемелер түсініксіз жағдайда табылады.  Кейбір кемелерде бүкіл экипаж мүшесі қайтыс болса, кейбір кемелер  апатқа ұшырау себебін тірі қалғандар нақты айта алмайды. Теңізшілер мұндай кемелерге «елес кемелер» деген ат берді.

Елес кемелер туралы аңыздардың ғасырлар бұрын пайда болғанын. Заманауи технологиялар теңізде жүзуді қауіпсіз деңгейге жеткізгенге дейін, мұндай кемелер теңіз беткейінде көрініп жүр.

Осындай жағдайлардың бірі, Оуранг-Медан кемесінің хикаясы. Оқиға екінші дүниежүзілік соғыстан соң орын алған. Кемедегілердің барлығы беймәлім жағдайда жантәсілім еткен. Жан түршігерлік жаңалықтан кейін іздестіру тобы кемені тастап кеткеннен кейін бірнеше секундта жарылған.

1947 жылы Күміс жұлдыз экипажы (сондай-ақ Индонезия жағалауындағы теңіздердегі бірнеше басқа кемелердің экипаждары) голландиялық Оуранг-Медан жүк кемесінен апат сигналын алады.

«Барлық офицерлер, соның ішінде капитан да жерде жатқан. Бәлкім, бүкіл экипаж өлген шығар», - деп оқылған апат қоңырауы. Содан кейін «Мен де өліп жатырмын» дегенге ұқсас хабар жеткізілген.

Күміс Жұлдыздың экипажы жоғалған кемені тауып, бортқа отырады. Бірақ қорқынышты жайт орын алады. Экипаждың барлық мүшелері, тіпті ит те өлген екен.  Олардың денелері қатып жатады. Тіпті мүрделерден зорлық-зомбылық немесе жарақат белгілері табылмайды. Түтін иісін сезген құтқарушылар кемені тастап бас сауғалайды.  Бірнеше секундтан кейін Оуранг-Медан жарылған. Осылайша су бетінде апатқа себеп болар фактор болмаса да, теңізшілер құпия жағдайда мерт болған. Кемедегі апат жайлы дабылды кім бергені бүгінге дейін белгісіз. Оуранг-Медан атауын естіген әр теңізші тек мистика туралы ойлайды.