Bugin

Тоқаев пен Си Цзиньпин екіжақты келіссөздер жүргізуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Ақордада Қытай басшысын қарсы алу рәсімі өткен болатын. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин екіжақты келіссөздерді талқылау үшін жеке кетті. 

Қазақстан мен Қытай басшылары жан-жақты қазақстандық-қытайлық стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.