Спорт

Қазақстандық әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kaztag.kz

Сербияда өткен грек-рим күресінен әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатының алғашқы медалімен марапатталды. Оның авторы Айдос Сұлтанғали. Ол 60 келі салмақта қола жүлдені жеңіп алды», - делінген хабарламада.

Үшінші орын үшін белдесуде қазақстандық венгриялық Кристиан Кечкеметиден мықты болып шықты – 7:1.